Бейресми еңбек азаюда: он күнде 66 мың адам тіркелді

image.png

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі алғашқы нәтижесін беріп, небәрі он күн ішінде 66 мың азаматтың қызметін заңдастыруға мүмкіндік берді. деп хабарлайды  RGmedia.kz тілшісі. 

Жаңа салық режимі мына азаматтарға арналған:

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендер;

Жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайтындар;

Үкіметтің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатындар;

Ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтындар (2026 жылы — 1,3 миллион теңге).

Режимнің негізгі артықшылықтары:

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес;

Жеке табыс салығын төлемейді (ЖТС – 0%);

Әлеуметтік төлемдер бар болғаны табыстың 4%-ына тең

(МЗЖ – 1%, МЗЖЖ – 1%, әлеуметтік аударымдар – 1%, МӘМС – 1%);

Салық есебін тапсырудан босатылады;

Барлық чектер шығарылып, әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін “e-Salyq Business” мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі;

Интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген жағдайда, чектер мен әлеуметтік төлемдер платформа операторы тарапынан автоматты түрде құралып, ұсталады және аударылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бейресми еңбек азаюда: он күнде 66 мың адам тіркелді
  • Нью-Йорктің бірінші мұсылман мэрі Құранға қол қойып, ант берді
  • Серік Жұманғариннің жұбайы 2024 жылы 88 млн теңгеден астам табыс тапқан
  • Президент Жолдауы: көлік-логистика – Қазақстан экономикасының стратегиялық бағыты
  • Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер