БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады

image.png

2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі жұмыссыздық деңгейі орта есеппен 4,9 пайызды құрауы мүмкін. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ агенттігі Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) болжамына сілтеме жасап хабарлады.

БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, аталған көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермейді. Жыл соңына қарай әлем бойынша шамамен 186 миллион адам жұмыссыздар қатарында болады деп күтілуде.

Халықаралық еңбек ұйымының баяндамасында дамыған елдерде жұмыс орындарының саны небәрі 0,5 пайызға өсетіні айтылған. Ал табысы төмен мемлекеттерде бұл өсім 3,1 пайызға жетуі мүмкін. Мамандар мұндай айырмашылықты дамыған елдердегі халықтың қартаюымен байланыстырады. Еңбекке қабілетті жастағы адамдар санының азаюы жұмыс табуды немесе оны сақтап қалуды қиындатып отыр.

Сонымен қатар ХЕҰ еңбекпен қамтылу әрдайым лайықты табысқа кепіл болмайтынын атап өтті. Қазіргі таңда әлемде шамамен 300 миллион адам күніне 3 АҚШ долларынан аз табыс тауып, аса кедейлік жағдайында өмір сүріп жатыр. Ал Африка мен Латын Америкасының көптеген елінде халықтың жартысынан астамы көлеңкелі экономикада еңбек етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды
  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер