Катар әміршісі Түркияға құны 500 млн доллар тұратын қымбат сыйлық жасады (фото)

Screenshot_2.jpg

Катар әміршісі Түркияға құны шамамен 500 миллион доллар тұратын, люкс санатына жататын Boeing 747-8 ұшағын сыйға тартты деп хабарлайды Oxu.Az порталы

Өз кезегінде түрік көшбасшысы Тамим бин Хамад Аль Танидің қымбат сыйлық жасағанын растаған. 

"Құны шамамен 500 миллион доллар тұратын ұшақ сатылымға қойылды. Біз оған қызығушылық таныттық. Бұны естіген Катар әміршісі ұшақты жеке маған емес, Түркияға тарту етуді жөн санаған. Қазір ұшақ боялып жатыр. Бояу жұмыстары аяқталған соң біз онымен ұша аламыз", - деп жауап берді Түркия президенті журналистерге.

Айта кетейік, бұған дейін түрік басылымдары Катар әміршісінің Ердоғанға әлемдегі ең үлкен, ең қымбат жеке ұшақтың сыйға тартқанын жарыса жазған еді. 

Әуе кемесіне бір уақытта 94 адам сыйып кетеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қайта құрылды – ҰҚК мәлімдеме жасады
  • Саида Мирзиёева Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымын иеленді
  • СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстан мен Қытай басшылары 24 құжатқа қол қойды
  • Таяу Шығыстағы шиеленіс: Дубайдан қазақстандық туристерді жеткізген екі ұшақ Алматыға қонды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер