Исекешев «сұр кардинал» бола ала ма?

Screenshot_2.jpg

Бұл тұрғыда әсіресе Исекешевтің жаңа қызметтегі қадамдары қоғам тарапынан жіті қадағалануда. Себебі, дәл қазір ол «сұр кардиналдыққа» бірден-бір кандидат.  Жалпы, сарапшылар Исекешевке қатысты нақты саяси баға беруге қиналатыны байқалады. Бір жағынан алғанда, оның Астана қаласының әкімі, оған дейін вице-премьер және екі ведомствоны басқарған министр ретіндегі тәжірибесі бар. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығын жүзеге асыруға дәл осы Әсет Өрентайұлы жауап берген. Оның үстіне ЭКСПО-2017, Астананың 20 жылдығы секілді маңызды шараларды өткізе білді.  Яғни, алдына қойылған міндеттерді Исекешев жалпы алғанда жақсы деңгейде орындап шыққаны анық. Дегенмен, оның басты кемшіліктерінің бірі – саяси ықпалының төмендігі және өз командасының жоқтығы деуге болады. 

Сарапшылар мына бір жайтқа да назар аударуда. Қайбір жылы бірқатар ірі даму институттары Исекешев басқарып тұрған Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарамағынан   «Бәйтерек» холдингіне берілген болатын. Сол кездегі басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Исекешев қойған кадрлардың барлығын дерлік босатып жібергені, министрдің бұған ешқандай-да қарымта қадам жасамай, өз позициясын оп-оңай бере салғаны назардан тыс қалмапты. Неге десеңіз, орындалуы үшін Исекешев жауапты индустрияландыру бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асуында дәл осы институттар шешуші роль атқарған. Сол себепті де «осыны біле тұра Исекешев өз командасын қорғай алмады, немесе қорғағысы келмеді» деген көзқарас қалыптасты.  Қалай болғанда да, сол оқиғадан кейін Исекешевтің маңында  аз ғана топ қалды.  Ал үлкен саяси ойындарда команданың жоқтығы – ықпалының да жоқтығын білдірмей ме? Қалай болғанда да, саясаттанушылардың пікірінше, Исекешевтің тұсындағы Президент әкімшілігі Нұртай Әбіқаев, Нұрлан Нығматуллин немесе Аслан Мусиннің кезіндегідей күшейе қоймас. Оның үстіне, Қауіпсіздік кеңесі өз алдына жеке орган ретінде  еншісін алып шығар болса, Исекешевтің ықпал ету мүмкіндіктері тағы да азая түседі.  

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер