Назарбаев өмірден түңілген жастарға молаға баруға кеңес берді

Screenshot_1.jpg

Қазақстанның VIII Азаматтық форумында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жастар арасындағы ажырасу жағдайының жиілеп кеткенін тілге тиек етті, деп жазады zakon.kz.

Тағы бір толғандыратын мәселе – ажырасу. 1 млн 500 неке қиылса, ажырасу 25-30%. Неге ажырасады? Өйткені мектепте жоғары сынып оқушыларын осы тақырып бойынша оқытпаймыз: қарым-қатынас, еркек пен әйелдің есеюі, қалай жүкті болады, одан не шығады (…). Психологияны өзгерту керек. Мектепте жұмыс істеу керек. Мұның ешқандай да ұяты жоқ. Бәрі адамға тән нәрсе. Сол үшін осыған мән беріп отырмын, — деді ол.

Оның сөзінше, мұның бәрі «психологиялық мәселе. «Неге ажырасады? Түрлі жағдай болады: біреу әке-шешесімен сыйыспайды, енді біреулерде баспана жоқ, тағы біреуінің айлығы жетпейді. Ең бастысы – дайын емес жастар отбасын құруда. Қыздар өз рөлін білмейді, ұлдар да мұның үлкен жауапкершілік екенін түсінбейді.

Егер семьяңды асырай алмасаң, жұмыс істемесең, әлі білім алмаған болсаң, онда ол семьяны құрмай-ақ қоюыңа болады емес пе?

Міне, осыны жастарға кім айтады? Біреу айту керек! Осыны мектептен бастау керек«, — деп санайды екен мемлекет басшысы.

Содан кейін президент өмірден түңіліп кеткен қазақстандықтарға өз ақылын қосты.

Біз өмірімізге жиі шағымданамыз: анау жетпейді, мынау жетпейді дейміз. Егер түңіліп бара жатсаң, бар, аурухананың ішіне кіріп шық. Болмаса зираттың ішінде жүріп қайт.

Ол жерде жағдайы сенікінен де қиын біреулер жатыр. Біз – қол-аяғымыз сау бола тұра: «ой, қиын болды» деп жылаймыз. Олай емес. Бұл өмірде бәрі мүмкін. Басыңды көтер де жұмыс істе. Міне, мәселе осында жатыр. Жастарға осыны үйрету керек, — деді Назарбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер