Трамп АҚШ президенттерінің дәстүрін бұзғаны үшін жауап берді

АҚШ президенті Дональд Трамп үй жануарының неге жоқ екенін түсіндірді. Бұл туралы ол Техас штатының Эль-Пасо қаласында жақтастарының алдында мәлімдеме жасады деп хабарлайды The Independent басылымы.

BBTvM00.jpg

Трамп есірткі табуға көп көмектесетін иісшіл неміс овчаркасын мақтады. Өзіне мықты саясаткер болып көріну үшін бірнеше рет ит асырау туралы ұсыныстар түскенін де жасырмады. Бірақ, ол мұндай идея өзіне ұнамаған соң жауапсыз қалдырыпты.

– Шынымды айтсам, мен мұндай ұсынысқа қарсы емеспін. Бірақ, уақытым жоқ. Оның үстіне Ақүйде итпен жүргенім біртүрлі көрінбей ме? – деді президент. Ол жақтастары өзін итсіз де жақсы көретінін айтты.

Трамп осылайша АҚШ президенттерінің дәстүрін бұзды. Ол АҚШ-тағы 100 жылдан бергі иті жоқ бірінші мемлекет басқарушы. Бұған дейін 1897-1901 жылдар аралығында АҚШ президенті болған Уильям Мак-Кинли де ит ұстамаған. Бірақ, оның мысығы, тотықұсы және қоразы болған.

The Independent басылымының хабарлауынша, иті жоқ болса да Трамп саяси қарсыластарын «итше талап» масқаралайды. Бірақ, өз әрекетін олай бағаламайтын Трамп АҚШ президентін сайлау науқанында қарсыласы, экс-кандидат Мит Ромниді «жеңу мүмкіндігі болып тұрса да өзін итше көрсетті» деп жазған екен. Тіпті Трамп жұмыстан қуылған журналистерді де итке теңеген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер