Отставка дегені аты ғана...

Screenshot_11.jpg

Үкіметтің жаңа құрамына толық тоқталып жатудың қажеті шамалы шығар. Бірақ жұртшылық жаңа Премьерді көктен күтпегені айдан анық. Ол әдеттегіше бірінші орынбасарлықтан келді. 

Асқар Мамин уақытында әкім орынбасары, вице-министр, министр болған. Бизнесте де бағын сынаған, Ұлттық компанияны да басқарған. Елорданың тізгінін ұстаған.  2016 жылы ол Сағынтаевтың бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Мамин қазақшаға шорқақтау. Білетіндер өте қатал, талапшыл басшы ретінде атайды. Сағынтаевтан оның ең басты артықшылығы осында сияқты.  

Тәуелсіздік алған 28 жылда осыменен оныншы Үкіметті шығарып салдық. Әр Үкіметтің орташа жасы 2,8 жыл деп есептесек, екі жарым жылға созылған Сағынтаев кабинетінің ғұмыры ортадан төмен болды. 

Сағынтаевтың Үкіметі 2016 жылдың қыркүйегінде жасақталған болатын. Сол жылы жерге қатысты митингілерден кейін алдымен біраз министрлер қызметінен кетті. Күзге қарай Кәрім Мәсімов отставкіге арыз жазып, Ұлттық қауіпсіздік комитететінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Сағынтаевтың Үкіметінде сыртқы істер министрі лауазымы Ерлан Ыдырысовқа бұйырды. Ішкі істер министрі – Қалмұханбет Қасымов, Байланыс және ақпарат министрі – Дәурен Абаев, Білім және ғылым министрі – Ерлан Сағадиев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі – Тамар Дүйсенова, Инвестициялар және даму министрі – Жеңіс Қасымбек, Қаржы министрі – Бақыт Сұлтанов, Мәдениет және спорт министрі – Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық экономика министрі – Қуандық Бишімбаев, Энергетика министрі  – Қанат Бозымбаев болды. Қорғаныс министрі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов вице-премьер қызметіне тағайындалды. Қорғаныс министрі лауазымына  Сәкен Жасұзақов, Әділет министрінің орнына Марат Бекетаев келді. Жаңадан Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сонымен бірге Дін істері және азаматтық қоғам министрліктері құрылды. Соңғы министрлік былтыр  Қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылған болатын. Алайда кешегі ауыс-түйісте бұл министрлік Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып аталды. Айналдырған үш жылда үш рет қайта құрылымдау нендей қажеттіліктен туындады? 

Министрлердің сыр беруі 3-4 ай өтпей жатып-ақ басталды. Алдымен  Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қазына қаржысын талан-таражға салды, пара алды деген айыптармен сотталып кетті. Қазір жазасын темір торда өтеп жатыр. Иманғали Тасмағамбетов Ресейге елші болып кетті. Сәкен Жасұзақовтың орнын Нұрлан Ермекбаев ауыстырды.  Екі жарым жылда Сыртқы істер министрінің креслосы екі рет жаңарыпты (Әбдірахманов, Атамқұлов). «Шаршап жүрген» Тамара Дүйсенованың орнын Мәдина Әбілқасымова, Қаржы министрі  Бақыт Сұлтанов Астанаға әкім болып, оны орнын Әлихан Смаилов басыпты. Отставкіден бір апта бұрын ғана Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік кеңесенің хатшылығына ауысқан еді. Бір апта бұрын ғана. Бұл президенттің отставкі туралы шешімді өте тез, тосыннан қабылдағанын білдіретін сияқты. 

Қысқасы, Сағынтаев Үкіметінің жартысына жуығы отставкіге жетпей-ақ өзгеріп кетті. Осының өзінен-ақ бұл Үкіметтің тұзы жеңіл болғанын аңғаруға болатын сияқты. Жалпы бізде отставкі мен отставкінің арасында Үкіметтің құрамы көп өзгереді.  Отставкіге кеткен министрлердің  70-80 пайызы креслоларын сақтап қалады. Қызық. Қазақстанда Үкіметтің отставкісі премьер-министрді жаңарту үшін ғана қажет сияқты. 

Ал жаңа премьер Асқар Маминнің, жаңа Үкіметтің мерзімі қанша жылға созыларын, отставкіге дейін қанша министрдің қызметінде қалатыны уақыттың еншісіндегі дүние. 

"Рейтинг" газеті


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер