Сиыры бар көпбалалы аналардың жәрдемақы алуы әділетсіз

Screenshot_1.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова отбасының жиынтық табысын есептеген кезде жеке шаруашылықты есепке алу мәселесіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шаруашылыққа қатысты сауалдар жиі қойылады. Негізі атаулы әлеуметтік көмек туралы заңның 7 бабында жергілікті атқарушы органдар жеке шаруашылықты кіріс деп санау-санамауды өздері шешетіні көрсетілген. Олардың сондай құқығы бар", - деді Жақыпова мәжіліс кулуарында.

Вице-министр қазір тек қана бір өңірдің қорадағы малды санамайтынын айтты. Ол алдағы уақытта мәселелер қайта қаралып, негізгі шешімдердің қабылданатын алға тартты.

Сонымен қатар, Жақыпова қорадағы малды отбасының кірісі деп есептеу қаншалықты дұрыс деген сауалға сиыр ұстайтын екі көршіні мысал етіп, жауап берді.

"Мәселен, екі көршіні алайық. Біреуі 20 сиыр ұстайды, балаларына етін жегізіп, сүтін ішкізіп асырап отыр.

Ал қасындағы көршісі сиырлары жоқ, оны сатып алуға жағдайы да жоқ. Бірақ жәрдемақы тағайындаған кезде, екеуі де сол көмекке ілігеді.

Бірнеше сиыр ұстайтын отбасы да балаларына 21 мың теңге алады, бірде-бір сиыры жоқ көршісі де дәл сондай жәрдемақы алады. Сонда айтыңызшы, осы әділетті ме?", - деді вице-министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер