Шымкентте кішкентай қызды зорлаған 20 жастағы жігіт сотталды

Screenshot_2.jpg

Фото: Facebook/Мария Низовкина

Шымкент маңындағы Тоғыс ауылында тоғыз жасар қызды аяусыз зорлаған жігіт сотталды. Қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сот қылмыскерді қауіпсіздігі жоғары колонияға жіберу жөнінде үкім шығарды деп хабарлайды Vera.kz.

Еске сала кетейік, оқиға Тоғыс ауылында бесінші қаңтар күні орын алған. Белгісіз ер адам тоғыз жасар қызды ұрлап, аяусыз зорлап тастаған.

Қылмыскерді бүкіл қала болып іздеді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 20 жастағы алматылық жігіт тұтқындалды.

Сегізінші мамыр күні іс бойынша пікірталас аяқталып, сот қылмыскерге қатысты үкім шығарды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Прокурор сотталушы жігітке дәл осы жазаны сұраған еді. Басылымның мәлімдеуінше, сот отырысы барысында жас жігіт бұрышқа тығылып, бетін жауып отырған. Зардап шеккен тараптың адвокаты Айман Ұмарова мұндай қылмыс үшін 18 жыл өте аз деп айтты.

Оның сөзінше, қылмыскер екі бап бойынша кінәлі болып табылады. Ол кәмелетке толмаған баланы асқан жауыздықпен зорлағаны мен сексуалды әрекеттері үшін жазалануы тиіс дейді қорғаушы.

Айман Ұмарова бұл екі қылмыстың тек бірі үшін ғана 18 жылға тоғылытуға болатынын жеткізді. Оған қоса, адвокат қажетті дәйектер толығымен жинақталғандықтан, оның кінәсін мойындауы не мойындамауы маңызды емес екенін айтты. Оның сөзінше, іс бойынша қажетті екі сараптама жүргізілген. Бірі биологиялық, екіншісі молекулярлы-генетикалық. Мамандар тіпті топырақты зерттеп, ол жерден қылмыскердің биологиялық іздерін анықтаған.

Сот-медициналық сараптама қыз баланың екі мәрте зорланғанын дәлелдеп отыр дейді Ұмарова.

Зардап шеккен қыздың өзі сот отырысына қатысқан жоқ. Басылымының хабарлауынша, бүлдіршін әлі өзіне келе алмай, әрбір ер адамды жауындай көруде.

Екі тарап та үкімге қатысты апелляциялық сотқа шағым түсірмек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан Тәжікстанға 5 мың тонна мазут мен азық-түлік берді
  • Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорының төрағасы қызметінен кетіп, орнына жаңа басшы тағайындалд
  • Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің ең төменгі шегі 1 миллион теңгеге дейін көтерілмек
  • Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды
  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер