Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болғанына бір ай да толмаған Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов тағайындалды.
Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда қазіргі Түркістан облысының Жетісай қаласында туған. 2004 жылы армия генералы С.М.Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтынуадағының Қарағанды экономикалық университетің «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.
- 2006-2008 жылдары – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі;
- 2008-2010 жылдары – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы;
- 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі;
- 2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.
- 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.
2019 жылдың 27 желтоқсанынан бүгінге дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарып келді.
Дегенмен, Тоқаев өзі әкім етіп тағайындаған Айтахановты не үшін босатқаны туралы сөз жоқ. Бүгін Павлодар облысының әкімі Бақауов қызметін асыра пайдаланғаны үшін босатылып еді. Әліптің артын бағайық...