Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасына хат жолдады

Screenshot_21.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдап, еліміздің бұл аса ауыр жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Nөрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан 8кіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді.  

Сондай-ақ Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін 8кіметтің қабылдап жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.   

Еске сала кетейік, бүгін таңертен коронавирус салдарынан Қытайда бір тәулік ішінде тағы 45 адам қаза тапқаны белгілі болды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қауіпті вирус 258 адамның өмірін қыршынынан қиды.

Қытайда аталмыш вирусты жұқтырып алғандардың саны он бір мыңнан асады.

Еске сала кетсек, бұған дейін өлім вирусы Швециядан да анықталды.

Науқас әйел вирус өршіген Қытайдың Ухан қаласында сапармен болған. Ол үйіне 24 қаңтар күні оралған. Жөтел мазалаған. Швеция мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, оның сырқаты ауыр емес.

Сондай-ақ, күні кеше көршілес орналасқан Ресейден де екі адамның вирус жұқтырғаны белгілі болған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Үшінші рет президенттікке үміткер болу жоспарымда жоқ – Трамп
  • АҚШ пен Украина тарихи келісімге қол қойды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер