Мемлекеттік қызметкерлер ағылшынша оқиды

агл.jpg

Наурыз айынан бастап астанада 118 мемлекеттік қызметкерге ағылшын тілі оқытылып жатыр. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекет басшысының елорда тұрғындары мен қонақтарына тілдік орта қалыптастыру бойынша іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес былтыр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасаған болатын. Сол келісім бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланған. Соның бірі – шетелдік инвесторлар мен іскер туристер үшін барлық мемлекеттік және қалалық қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту. Осы мақсатта Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ-ның ұйымдастыруымен наурыз айынан бастап ХҚКО, денсаулық сақтау мекемелерінің, аудан әкімдіктеріндегі «Фронт-офистердің», «IQala» орталығының қызметкерлеріне ағылшын тілі курстары басталды. Курс шілде айына дейін аптасына үш рет оқытылады. Курс соңында қорытынды тест алынып, сертификат беріледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер