Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің еңбек жолында қызмет саласында жаны түршіккен қылмыстар туралы жазды. Оның ішіндегі ең қатігез қылмыс Үштөбе қаласындағы жеке үйде мұздатқыштан екі жасар баланың мәйіті табылғаны еді.
«Балаларға қатысты қатыгездіктің себебі - жұмыссыздық немесе материалдық әл-ауқаттың төмендігі, бір немесе екі ата-ананың ішімдікке тәуелдігі, жалғыздық немесе айырылысқан отбасы, ата-аналардың бақыланбайтын көңіл-күйі, көңілсіздіктері, олардың ашулануы немесе өмірден түңілуі, жетілмегендігі немесе өзімшілдігі, шамадан тыс талаптары ... Бәрі де! Бірақ ешбір себеп балаларға қатысты қатыгездігін ақтай алмайды», - деді Тұрғымбаев.
Ол соңғы уақытта ата-аналары мен басқа отбасы мүшелері тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері жиі кездесетін атап өтті.
«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған тағы бір қылмысты айтпай кету мүмкін емес, бұл интернетте баланы ер адамның аяусыз ұрып-соққаны түсірілген бейне пайда болған кез. Оқиға Түркістан облысы Қазығұрт ауданында болған. Белгілі болғандай, отағасы 3, 7 және 9 жастағы кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ бұрын полицияға күйеуін ұрып-соғу туралы өтініш берген анасын тәртіпке келтіру және "тәрбиелік" мақсаттар үшін бірнеше рет ұрған. Әйел бір рет өтініш беруден бас тартты, екіншісінде күйеуін кешірді, әкімшілік іс медиация арқылы тоқтатылды, осылайша отбасылық тиран тағы бір рет жауапкершіліктен құтыла алды. Соңғы факт Қылмыстық Кодекстің 110-бабы "азаптау" бойынша тіркелді және кінәлі адам лайықты жазаға тартылады», - деп жазды Тұрғымбаев.
ІІМ басшысы балаларға қатысты қатыгездік олардың денсаулығына түзетілмейтін зиян келтіретінін, ауыр әлеуметтік салдарға әкелетінін мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, зорлық-зомбылық құрбаны болған балалардың психикалық, физикалық және эмоционалды денсаулығында елеулі ауытқулар бар.