Шымкентте су бағасы қымбаттамайды

c25d099a-2aad-4b83-aa02-5123060b2c72.jpg

Су бергеннің – сауабы бар, 

Су төккеннің жауабы бар. Біздің тыныс-тіршілігіміздің мөлдір көзіне айналған тамшы судың да сұрауы бар. Шынын айтсақ, күнделікті тұрмысымызда суды ішіп, керегімізге жаратып, шөліміз қанса және судың бағасы қымбаттап кетпесе болды. Оның астарында «Қайдан келді? Қандай жұмыстар атқарылды? Су құбырларының мәселесі, судың құрамы» секілді тақырыптарға бас ауырпайтынымыз рас. Десе де, миллиардтаған қаржы жұмсалып жатқан инвестициялық жобалардың да қадағалауы мен тексерісі болатыны белгілі. Осы ретте Табиғи монополияларды реттеу комитеті бойынша департаментінің өкілдері «2016-2021 жылдар кезеңіне арналған инвестициялық бағдарлама» шеңберінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ның өткен жылға арналған жоба-жоспардың орындалуын көру мақсатында Шымкентке ат басын бұрған екен. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтың қатысуымен «Су арнасынан» бастап араладық. Жалпы тіршілік нәрінің бүгінге дейін жетуі макетімен таныстық. Көзге оттай басылған балалық шағымызда өзіміз су тартып ішкен құдық макеті еді. Міне, содан бастап автоматтандырылған есептегіш жүйелерге дейін, су өлшеуіш құралдармен көрдік. Естеріңізде болса, бұрын бір адамның үйінде су құбырынан ағаттық болып, қауіпті жағдай орын алса, не болмаса жөндеу жұмыстары арқасында күллі қала сусыз отыратын еді ғой. Бүгінде әр көшенің су өлшеуіш аппараты арқылы суды өшіруге болатынын білдік. 

Су жүйесінің көрінісін тамашалап болған соң «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Орман 2019 жылы инвестициялық бағдарлама бойынша сөз сөйлеп, республикадан келген Табиғи монополия өкілдеріне қаладағы су мәселесінің жай-жапсарын мәлімдеді. Жоба бойынша нақты орындалғаны 5,044 млрд. теңгені құрап отыр екен. Атқарылған жұмыстар 11 бөлімді қамтиды. Олардың негізгілері су құбыры желілерін қайта жаңарту, кәріз желілерін қайта жаңарту, көмеш-бұлақ су құбыры құрылыстарын салу, сорғы станциялары мен ұңғымаларда процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, энергия үнемдейтін сорғыларды орнатумен сорғы станциясын жаңғырту. 

– Мұндағы жұмыстың өзі заңнамамен регламенттелген. Ол жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.  Серіктестіктің өзіне алған міндеттемелерін орындауы жыл сайын тексеріліп отырады. Тарифтік смета бойынша жеке қаралады, өзінің бағасына сай  тікелей шығындар, сондай-ақ  инвестициялық бағдарламаның орындалуы жеке-жеке қарастырылады. Қазіргі таңда 240-қа жуық су арналары тексерістен өтіп, нәтижесінде табиғи монополия субъектілері  8,5 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға  өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Осылайша үнемделген қаржы  субъекттің  тарифтерінен шегеріледі де сәйкесінше орындалмаған қаржыға тең көлемде төмендейтін болады.  Ал Шымкент қаласы «Су ресурстары» бойынша айтсақ 5,5 миллиард теңгеге міндеттемелері бар. Олар толық дерлік орындалған, - дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Орман.

2017 жылы қаладағы ескі құбырдың 98,5%-ға тозғанын есепке алып, былтырға дейін су құбырында тұтынушылардың шаруашылық ауыз суының жиі болмауына әкеп соққан 5 су құбырының жарылу фактісі, істен шығу мәселелері жиілеп кеткендіктен мамандар халықты әбігерге салмаудың алмалын қарастырған. Техникалық тұрғыдан тозған су құбырын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданған. Қазіргі таңда орнатылып жатқан пластикалық құбыр Атыраудағы «Шеврон» америкалық компанияның өнімі. Еуропалық технологияның озық үлгісі пластикалық құбырдың жұмыс істеу мерзімі 70 жыл. 

Айтпақшы, қанша жерден құбырлар ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатқанымен қала тұрғындары судан қағылып отырған жоқ. Себебі ескі құбыр орнында. Пластикалық құбыр іске қосыла салысымен, ескісін кесіп жалғайды екен. Тіпті, су құбырын тартып жатырмыз деп, көшелер жабылып, транспорттар, автокөліктерге жүруге тыйым салынып жатқан жоқ. Жолдың жиегінен-ақ құрылысшылар тірлікті тындырып отыр.

– Халыққа сапалы қызмет жасау үшін суды тасымалдау, оны бөліп жеткізу және кәріз жүйесінде пайдаланған суларды тазарту жұмыстарды талап етіп жатырмыз. 15 жылдың ішінде жалпы 24 миллиард теңге инвестиция салдық. Соның арқасында 1800 шақырым болатын болса, 1000 км пластикалық құбырларға ауыстыруға қол жеткіздік. Бұл су құбырының қайта құру қажеттілігі оның толық тозуымен байланысты. Биыл 121 құбырды ауыстыруға қол жеткіздік. Темір құбырды жөндеп шаршадық. Шығыны да көп. Пластикалық құбырларды салдық. Жақын арада іске қосылады, - дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Орман. 

Бұл «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 1996 жылы Шымкентте 76 миллион текше метр жіберген. Бірақ қалада оның күші 3-қабаттан ары көтерілмейтін. Сонда әр адам басына 456 л суды пайдаланатын болған. Қазіргі таңда қалада 47 миллион су жіберіп жатқан болса, оны адам басына шаққанда  120 л аспай отыр. Сонда атқарылған жұмыстар әсіресе есептеу құрылғысын орнатқаннан кейін орынсыз су шығындарын 4 есеге жуық азайып отыр екен.

Сондай–ақ, 2020 жылға инвестициялық бағдарламаның сомасы-2,4 млрд. теңге бекітілді және 8 іс-шараны іске асыру жоспарлануда, олардың негізгілері су құбыры желілерін қайта құру (34128 п.м.), кәріз желілерін қайта құру (7338 п.м.), көмеш-бұлақ су құбыры құрылыстарын салу, 2-ші кезең (1нысан), энергия үнемдейтін сорғыларды орнатумен сорғы станциясын жаңғырту (3 нысан), су қысымын бақылауды автоматтандыру (2 дана) болып табылады. 

Бүгінде Үшінші мегаполис тұрғындарына су туралы сөз қозғасаң, тариф туралы әңгіме өрбиді. Республика бойынша қала тариф жөнінен 10 орында тұр. Және әзірге су бағасы қымбаттамайды.

– Бекітілген 5 жылдық тариф бар. Соның көлемінде жұмыс істейміз. Ал жаңа тарифке  2021 жылдың шілде айында шығуымыз керек. оған дайындық жұмыстарына кірісіп жатырмыз. Уақытында көреміз, - дейді Анарбек Орман.

Су мамандары арнайы статистика жасаған екен. Мәселен, шаһардағы 69 пайыз тұтынушылардың әрқайсысы 1 айда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС көрсететін қызметке 220 тг төлейді. 1 л судың құны 9 теңге екен. Сонда  күніне әр адам 2л су ішер болса, айына 540 тг төлейміз.  Қымбат па, арзан ба? 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер