Біржан Байтуов: «Қазақ дүниетанымына жат еш нәрсе көрген жоқпын»

85191611_196892974711165_2757998384724171169_n.jpg

Жақында «Асыл арна» директоры Мұхамеджан Тазабектің «Тәлім Trend» атты бағдарламасы көрерменге жол тартты.  Бірақ ол тәлім-тәрбиені әдеттегідей You tube немесе өз арнасынан емес, Ұлттық арнадан көрсетіп жатыр. Әрине, Мұхамеджан десе, дау-дамай да қоса жүретінін жасыру мүмкін емес. Бұл жолы халықтың да, қоғам белсенділерінің де пікірі екіге жарылды. Бірі бұл бағдарлама концепциясынан үміт көрсе, екіншілері тәлімнің орнына өзге дүние бере ме деген күдікте. 

Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, даттап жатқандар да, ақтап жатқандар да табылады. Осы тұста айтыскер ақын Біржан Байтуов та өз пікірін білдірген еді.

Қазіргі таңда елге пайдалы дүние аз болып қалды. Бір кездері Ұлттық арнада «Q Pop» секілді шетелдің әлем-жәлем өнер деуге татымайтын нәрсеcін насихаттайтын арнайы бағдарлама ашылды. Сырттың дүниетанымын қазақтың санасына сіңіруге бағытталған жобаны ашқан кезде бір адам шулап қарсы шыққан жоқ. Ал ұлттың құндылығын, елдің тұтастығын, жұртқа пайдалы дүние насихаттаймыз деген кезде ел-жұрт шулап қарсы болып жатыр. Бүкілі деуге келмес, белгілі бір топтар, жақсылық, ізгілік істерге қарсы шығып жүрген блогерсымақтар қарсы шығуда. Мен ойлаймын, неге олар «Q Pop» топтарды ашқан кезде қарсы шықпады екен деп. Бұл жерде керісінше құндылықтарымыз төңкеріліп ауысып кетті ғой. Пайдалы дүние халыққа жетсе шулап шығады, ал зиянына бастайтын дүние шықса ешкім үндемейді. «Тәлім Trend» аты да айтып тұрғандай, елге тәлім беретін, халықтың жақсылығын арттырып, руханиятымызды түгендейтін, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын, ізгілікке бастаған бағдарлама. Құндылығы жоғары болғандықтан да осыншама шу тудырып жатқан болуы керек.

Халықтың көпшілігі, әсіресе, ата-әжелеріміз азаннан кешке дейін интернет, ютуб ақтарып отырған жоқ. Сондықтан «Қарапайым халық қарсы шығып жатыр» деген қате пікір. Белгілі топтардың араңдатуы десе қисынға келетін шығар. Неге біз тек әлеуметтік желіде отырған жұртқа қызмет етуіміз керек?  Халқымыздың 45 пайызы ауылда тұрады. Ауылдағы ағайынға осындай ізгі бағдарламаларды неліктен ұсынбасқа? 

Бұған дейін «Тәлім трендті» форматы басқалай «You tube» видеохостингінен де, «Асыл арнадан» да көрсеткен. Менің білуімше, Ұлттық арна «Нағыз бізге керек бағдарлама екен» деп форматын студиялық етіп өзгертіп, өзі құда түскен. «Асыл арнаның» өзінің аудиториясы бар, ал бұл Ұлттық арнаға ыңғайланған бағдарлама. Бұл жерде дін, хадис, аяттар жайында әңгіме жоқ. Мен бір бағдарламасына қатыстым. Ол жерден қазақ дүниетанымына жат еш нәрсе көрген жоқпын. Шулап жатқандардың көбісі көрмей жатып пікір білдіргендер. Кеше Жүрсін ағамыз айтып жатыр: «Әуелі көрейік, сосын айтамыз» деп. Оларды мен шынымен елге жаны ашып жүрген адамдар деп ойламаймын. Қарсы шығып жатқандар мүмкін Мұхамеджан Тазабектің жеке басына қатысты өшпенділігі бар, сақалын жақтырмайтын, өзін жақтырмайтын шығар. Бірақ «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісі ал» деген сөз бар ғой қазақта. Сөзі елге дұрыс беріліп жатса, онда оның жеке басына бола қарсы шығуға болмайды. Жұрттың шулағаны бағдарламаның маңызында емес, сол Мұхамеджанға деген ішкі пиғылдарынан шығып отыр деп ойлаймын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер