Мұқан Егізбаевтың марапаты әкесіне тапсырылды

Бүгін Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай өңірдегі дәрігерлер марапатталды.  

photo1624010764.jpeg

Салтанатты жиында «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Медицина ғылымдарының кандидаты, 94 ғылыми еңбектің авторы, марқұм Мұқан Кеңесбекұлы Егізбаев марапатталды. Ол Арыс қаласындағы әскери бөлімде болған жарылыста зардап шеккен азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсетуде штабтың төрағасы ретінде ерекше көзге түсіп, халықпен бірге бола білді. Бұл мараптты блыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов марқұмның әкесі Кеңесбек Егізбаевқа тапсырды.

"Құрметті Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! Ұлым марқұм Мұқан Егізбаевтың даңқын арттырып жатқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Мұқан Түркістан облысындағы науқастарды жан-жаққа тентіретпей, ауылды жерлерде емдеу мекемелерінің сапалы жұмыс істеуіне баса назар аударды. Облыс медицинасының республикалық деңгейге шығуына күш салды", - деді Кеңесбек Егізбаев.

Screenshot_1.jpg

Мұқан Егізбаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туылған. Қарапайым отбасынан шыққан ол  алғашқы еңбек жолын 1987 жылы педиатр болып бастаған. Өзінің кәсіби шеберлігі, ұйымдастыру қабілетінің арқасында қаламыздағы бірқатар ауруханаларда белді қызметтерді атқарды. 

Атап айтқанда, Шымкент қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы мен облыстық дерматовенерологиялық диспансерді, облыстық балалар ауруханасын басқарды. Соңғы 8 жылда облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері болып, медициналық мекемені жаңа сатыға көтерді. Облыстық мәслихаттың бірнеше шақырылымдағы депутаты ретінде сайлаушылардың сеніміне селкеу түсірген емес. 

Ел сеніміне ие болған Мұқан Кеңесбекұлы ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы, кейіннен Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып абыройлы қызмет атқарды.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер