Түлкібас ауданында ақ халатты абзал жандардың құрметіне дәрігерлер аллеясы ашылды

Бүгін қолы алтын, жүрегі мейірімге толы медицина саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданында «Дәрігерлер аллеясы» ашылды.

image.png

Дүние жүзін жайлаған қауіпті індетпен күресте ең алдымен, ақ халатты абзал жандарға күш түсіп отырғаны белгілі. Мылтықсыз майданның алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылған шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысып, жаңа нысанның ашылуына куә болды. 

image.png

Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен бой көтерген нысанда аудан тұрғындарының демалып, бой сергітуі үшін 500 шаршы метр аумаққа 8 дана ыңғайлы орындықтар, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылған. 69 дана арша, аққайын көшеттері отырғызылып, газон егілген. Аллея ортасынан дәрігер мен медбике ескерткіші бой көтеріп, «Дәрігерлерге мың алғыс!» тақтайшасы орнатылған.

image.png

Игі шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы 113 мың аудан тұрғындарының және аудан әкімдігінің атынан адам өмірінің арашасы болып жүрген, алтын қолды жандарға алғысын білдіріп, төл мерекелерімен құттықтады. 

Сондай-ақ, шараға арнайы шақыртылған медицина саласының ардагерлері осынау құрмет көрсетіп, игі шараға мұрындық болған аудан әкімі мен әкімдік мамандарына алғысын білдірді. Шара жалғасы аудандық мәдениет үйінде концерттік бағдарлама мен жалғасын тапты.

image.png

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер