«Эпидахуал қолайсыз» - әкімдікке тапсырма берілді

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып қалып отыр: соңғы аптада КВИ жұқтыру саны өсуі 43 пайызға тең болды, төсек-орын жүктемесінің артқаны және емдеуге жатқызылатын науқастар санының ұлғаю тенденциясы байқалады, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Алексей Цой.jpg

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында мәлім болды.

Сонымен қатар, кеңесте Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы тарапынан қаланың медициналық мекемелері эпидемияға қарсы режимнің бұзылғандығы, КВИ жұқтырған науқастарға медициналық көмектің уақытылы көрсетілмейтіндігі мен сапасыздығы, сондай-ақ мониторингтік топтар жұмысының әлсіреуі, халықты вакциналау бойынша белсенді жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді. 

- Биылғы мамыр айында елорда бойынша халықты КВИ-ға қарсы иммундау көрсеткіші сәуір айымен салыстырғанда 50 пайызға төмендеген. Барлық анықталған кемшілік бойынша Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне бір апта ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін оларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды, - делінген хабарламада.

Бұл мәселе ВАК-тың тұрақты бақылауында болатыны айтылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Бір мезетте 500 келін сәлем салды
  • Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады
  • Джеки Чан Қазақстанда кино түсірмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер