«Вакцина - коронавирустың таралуын тежеді» - Алексей Цой

Соңғы аптада вакциналаудың қарқын алуы коронавирустың таралуын тежеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында айтты. 

Цой.jpg

- Елімізде кейінгі кезде вакциналау қарқыны артып келеді. Өткен аптада вакцина салдырғандардың саны 250 мың адамнан 405 мың адамға өскен. Біз вакциналаудың тиімділігіне талдау жасап көрдік. Сәуір айынан бастап маусымға дейін екпе алғандар санының 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуі індет жұқтыру жағдайларын екі есе азайтқаны байқалады. Осыған байланысты Дельта штамы анықталған күннің өзінде вакциналау эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды әсер етіп жатқанын айту қажет, - деді Алексей Цой Үкімет отырысында. 

Министрдің сөзіне қарағанда бүгінге дейін қазақстандықтар 5,2 млн доза вакцина ны пайдаланған, Оның ішінде 1-компоненті бойынша 3 246 795 адам немесе тиісті халықтың 32,8% екпе алған. Екінші компонентпен 1 954 372 адам қамтылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер