Түркістан: Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты саясаттанушылар мен партия өкілдері пікірлерін білдірді


Ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні Қазақстан бойынша ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Мемлекет басшысының бастамасымен тұңғыш рет жүзеге асып отырған бұл сайлау науқаны қоғамда қызу талқыға түсіп, көпшіліктің оң пікірін қалыптастырып үлгерді. Ауыл әкімдерін сайлау науқанына белгіленген уақытқа дейін жеке азаматтар мен саяси партияларда өз үміткерлерін ұсына алады.

Screenshot_5.jpg

«Бұл жолғы сайлаудың басты артықшылығы – халықтың тікелей сайлау арқылы жұмыс атқаруға қабылеті толық жететін, өңірдің басты мәселелерін жетік білетін азаматтарды таңдау мүмкіндігіне ие болуы. Сонымен қатар, бұл сайлаудың әлемдік тәжірибеде бар және мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетін ұтымды механизм екені дәлелденген», деді саясаттану ғылымдарының доценті, phd докторы Әмірбек Айдарбек.

Screenshot_6.jpg

Screenshot_7.jpg

Сондай-ақ, «Ақжол» демократиялық партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұржан Есенбеков, «Нұр-Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттар партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Оспанов Тұрғанбек ауыл әкімдерін сайлауға саяси партиялардың да үміткер ұсыну туралы бағыттары өзара бәсекелестікті арттырып, жұмыс сапасын арттыруға жол ашатындығын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер