Азық-түлік сапасы басты назарда

Screenshot_14.jpg

Халық тұтынатын азық-түліктің сапалы болғаны өте маңызды. Әсіресе жаз мезігілінде адамдардың жеміс-жидекке, тамаққа улануы жиі кездеседі. Осының салдарынан олар ауруханаға түсіп, әбігерге түсіп жатады. Осы мәселені болдырмау үшін азық-түлік сапасы жіті қадағалау керек.

Осы мақсатты “әр үйге қауіпсіз тағам” аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Сайрам аудандық Атамекен кәсіпкерлік палатасымен бірігіп, Қарабұлақ ауылындағы “Ынтық Ата” азық-түлік базарында осындай акция өткізді. Ондағы мақсаты - базарда сатылып жатқан жеміс-жидек және көкөністің сапасына аудан тұрғындарының назарын аудару. 

Сайрам аудандық Ұлттық сараптама орталығының мамандары зерттеу жұмысын жүргізді. Базарға келушілер сатып алған өнімдерін зертханада тегін зерттеуден өткізіп, сапасы мен қауіпсіздігі туралы мәлімет ала алады. Сәрсенбі күнгі тексеру барысында “Ынтық ата” азық-түлік базарында 25 түрлі жеміс-жидек, бақша және көкөніс өнімдерінен нитрат қалдығына зерттеме алынған болатын. Оның нәтижесі бойынша нитрат қалдығының мөлшері нормадан жоғары өнім анықталмады. Акция кезінде сатушыларға және келушілерге Ботулизм, тамақтан уланудың алдын алу туралы жадынамалар, парақшалар таратылды.

Сондай-ақ осы жәрмеңкеде саудаланған ауыл шаруашылығы өнімдері өңірдің басқа аудандарындағы бағамен  салыстырғанда 30-50  пайызға арзан екені анықталды. Жалпы 27,8 тонна өнім сатылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер