Ashyq eGov mobile-да қолжетімді болды

Қазақстандықтарға кафе, кинотеатрлар, фитнес-клубтар және басқа да қоғамдық орындарға кіру үшін eGov mobile қосымшасының басты бетіндегі Ashyq белгішесін шертіп, мекемеге кіре берістегі QR-кодты сканерлеп, мәртебесін көрсету жеткілікті. 

image.png

- «Біріншіден, біз азаматтардың өтініштерін талдап, бизнес-процесті жетілдіру және жүйенің жұмысын тұрақтандыру үшін бастапқы кодты қайта жаздық. Содан кейін оны eGov mobile-ға шығардық, енді телефон нөмірі мен ЖСН енгізудің қажеті жоқ, тек авторизациядан өтіп, QR-кодты сканерлеу қажет. Сондай-ақ, біз сервисті Екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығару бойынша жұмыстар жүргіздік», – деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин ҚР ОКҚ баспасөз конференциясында. 

Қосымшаның ҰАТ АҚ сүйемелдеуіне көшуіне байланысты техникалық жұмыстар процесінде қосымша жұмысында іркілістер болғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда жетілдіру және тұрақтандыру бойынша жұмыстар аяқталды және жүйеде іркілістер байқалмайды. 

Естеріңізге сала кетейік, Ashyq қосымшасы бизнеске карантиндік шаралар кезінде өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мақсатында құрылған. Қоғамдық орындарға кіру үшін азамат Ashyq көмегімен арнайы QR-кодты сканерлейді және қосымшада көрсетілген мәртебесін ұсынады. 

Мәртебелер 4 түспен белгіленеді: 

- Жасыл – бұл келушінің ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсетті; 

- Көк – ПТР нәтижелері жоқ, байланыста болған адам ретінде саналмайды; 

- Сары – науқаспен байланыста болған адам; 

- Қызыл – COVID-19 тестінің нәтижесі оң.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер