Шымкенттік дәрігерлер пайдалы кеңестер алды

Screenshot_1.jpg

Медицина саласына түсіп жатқан ауыртпалық еселей түскендігі белгілі. Дертке тоқтам салар тұста дәрігерлерімізге  көмек пен қолдау көрсетуіміз маңызды. Әсіресе, індетпен күресуде тың әдіс, тиімді тәсілдер жөнінде мамандар беретін кеңестің орны бөлек.

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен өткен кездесуде шымкенттік дәрігерлер  әдістемелік көмек алды.

Министр жедел жәрдем стансасының қызметкерлерімен, бірқатар емханалардың дәрігерлерімен кездесулер өткізді.

Оның сапары алдында Шымкентке бір топ маңызды мамандар келіп, ковидпен күрес барысымен танысып, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

Кеше әкімдікте комиссияның қорытындысы бойынша Коронавируспен күрес жөніндегі штаб өтті. Штабта Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаятқызы стационарлар мен емханалардың жұмысын жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар айтты. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова эпидахуалды тұрақтандыру бойынша құнды кеңестер берді. 

Шымкент қаласының бас дәрігерлері Денсаулық министрі бастап келген мамандардың сапары қаланың денсаулық жүйесі үшін өте пайдалы болғанын айтуда. Білікті мамандардан кеңестер алу тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасын табады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер