Әйтеке би көшесінде жер асты өткелі салынады

Шымкент қаласының әкімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жаңадан соғылып жатқан құрылыс алаңдарын аралау барысында Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс жұмыстарын бақылады. «Ескі қалашық» аумағында құрылыстың ІІ кезеңіне сәйкес жұмыстар жүріп жатыр. Мердігер – «Сити Строй» корпорациясы.

image.png

Қазіргі таңда мұнда жер негізін жасау жұмыстары жүзеге асуда, жол өтпесінің 12 бағанасы орнатылған. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі бөлігі қарастырылған. 

Осы уақытқа дейін 29 жекеменшік үй және 1 кәсіпкерлік нысан бұзылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет. Құрылыс аумағына түсетін жер телімдері уақтылы мемлекет мұқтажына алынбауы құрылыс қарқынын төмендетіп отыр.

Осыған орай шаһар басшысы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер