Шымкентте көкөніс шаруашылығын дамытуда жаңа жоба қолға алынды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында  «KARLSKRONA FD IC» ЖШС зауытында көкөніс-бақша дақылдарының көшеттерін өңделген және ашық топыраққа отырғызу бойынша аспалы екі қатарлы көшет отырғызу машинасының конструкциясын енгізу және көбейту жобасы іске асырылуда. Онда отандық рпм-2kz үлгісі қолданылып жатыр.

Screenshot_4.jpg

Жобаның мақсаты – қаладағы агроөнеркәсіптік кешендердегі фермерлік шаруашылықтарды іске асыру үшін РПМ-2kz үлгісіндегі көшет отырғызу машинасының өнеркәсіптік үлгілерін және шағын сериялы өндірісін құр уарқылы көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі мен түсімділігін арттыру. 

Шымкент қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, РПМ-2 KZ шағын сериялы өндірісік өкөніс-бақша кластерінің егіс егу және отырғызу бойынша ауыл шаруашылық машиналарына сұранысты арттыруға, ауыл шаруашылық техникаларын импорттауды алмастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жалдамалы жұмысшылар саны мен уақыт қысқарып, шығын көлемі азаятын болады.

Көкөніс шаруашылығында көшет отырғызу машинасын енгізу және дамыту нәтижесінде көкөніс-бақша шаруашылығында еңбек өнімділігі 2,5-3 есеге артады. Егіс алаңы екі есе ұлғайып, 4-5 мың гектарға жетеді деп күтілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер