Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Наурыз шағын ауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде. 

image.png

Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС тарапынан басталған.  Жоба бойынша, ұзындығы 15  шақырым ішкі орамдық жүйелер тартылатын болады. Қазіргі уақытта 4  шақырым кәріз жүйесі орнатылды. 

Құрылыс жұмысы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қараша айында толық аяқталады.  Нәтижесінде, Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын қолданыстағы диаметрі 1200 мм. коллекторға қосылатын болады. 

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер