Еңбекші ауданының тұрғындары алдағы екі жылда толығымен сапалы электр қуатымен қамтылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының шеткі аймақтарды дамыту туралы берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында шағынаудандар мен тұрғын алаптардың инфрақұрылыммен қамтылу жайын пысықтады.

image.png

Ауданның электр жүйесімен қамтылу жағдайын баяндаған Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков ауданның мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші 96,5 пайызды құрайтынын жеткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай биыл Жалын тұрғын алабында, Жұлдыз және Қарабастау тұрғын алабтарының жаңақұрылысында сапалы электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Оның айтуынша, 10 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі 2,5%-ды және жаңа құрылыс учаскелеріндегі қамтылмаған 1,0%-ды  сапалы электр қуатымен қамту үшін қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-мен жобалық сметалық құжат әзірленуде екенін айтты. Ағымдағы жыл соңында ЖСҚ аяқталған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге өтінім беріледі.

2022 жылы Қарабастау, Қаратөбе, Айнатас, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1/2, Тұрдыабад, Маятас, Еламан тұрғын алабтарының электр сапасы артады. Осылайша алдағы жылдары Еңбекші ауданындағы 47 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатына қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетпек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер