Келес ауданында футбол алаңшалары салынуда

Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға күш салынып, балалар футболының өркендеуіне ерекше назар аударылуда. Мәселен, Келес ауданында 5 кіші футбол алаңының құрылысы жүруде. Атап айтсақ, Біртілек, Бесқұбыр елді мекеніндері мен Ақтөбе, Бірлік, Бірлесу ауылдық округтерінде жаңа типтегі кіші футбол алаңдары салынуда.

image.png

Футбол алаңшалары қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жауапты мердігер мекеменің жұмыс сапасы аудан әкімдігінің тиісті сала мамандары тарапынан бақылауда.

Одан бөлек, аудандағы кәсіпкерлердің демеушілігімен елді мекендерде футбол алаңдары салынуда. Аудан аумағындағы орталық стадион да қайта реканструкциядан өткізіліп, Ұшқын ауылдық округіндегі футбол алаңы да жаңартылды.

Сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауыл жолдары жөнделіп жатыр. Атап айтқанда, Ошақты елді мекенінің жолдары жыл соңына дейін 97 пайызға жаңармақ. Жол жөндеу жұмыстары Қошқарата ауылдық округінде де қарқынды. Бірнеше көшеге шағал тас төселуде.

Ал, биыл аталған бағдарлама аясында Ошақты ауылдық округінің Ошақты елді мекеніне және Біртілек ауылдық округінің Жолбасшы елді мекені, Жүзімдік ауылдық округі Жүзімдік елді мекенінің ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы 18 ішкі көшеге 29,9 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер