Отырар ауданындағы ағын су арналары жаңаруда

Түркістан облысы, Отырар ауданының Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы Р-1 каналы күрделі жөндеуден өткізілуде. Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жасалып жатыр.

image.png

Аталмыш су арнасының жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайды. Жөндеу жоспарына сәйкес маңызды каналдың 11 шақырымы бетон жабындысымен қапталуы тиіс болса, қазіргі жоспарға сәйкес су өткізгіш жүйенің 7 шақырымы жөнделген. Бүгінде тиісті жұмыстар өз жалғасын табуда. Нәтижесінде, талай жылдардан бері егістікке қажетті ағын су тапшылығын сезініп, жерлері сортаң тартқан аймақ шаруаларының мәселесі шешіледі. Сонымен бірге, 3410 гектар жердің су алу мүмкіншілігі артып 170 гектар жер жаңадан айналымға қосылады.

Мұнан бөлек, «Казсушар» мекемесінің теңгеріміндегі Көларық, Маяқұм, Сумағар каналдарына механикалық тазарту, Көксарай, Есіркеп, Көларық, Маяқұм, Шеңгелді және Ақкөл каналдарының сағасын ашу, Д.Алтынбеков каналының ПК-41-дің су шайған дамбасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Биыл жергілікті бюджет есебінен 252 млн теңгеге 21 ішкі көшеге орта жөндеу жұмыстары жүрмек. Өткен жылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында туристік бағыттағы күрежолдың бойын абаттандыру жұмыстарын басталған. Биыл осы мақсаттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер