Түркістан қалалық орталық ауруханасына республика дәрігерлері жиналды

Screenshot_1.jpg

22-23 сәуір күндері Қоғамдық денсаулық басқармасы мен Қазақстандық бариатриялық және метаболизмдік хирургтар қоғамы «Морбидті семіздікті, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы мен 2-типті қант диабетін симультандық лапароскопиялық емдеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын бірлесіп өткізді. Эпидемиялық жағдайға байланысты конференция офлайн және онлайн – гибридті форматта ұйымдастырылды.

Орта Азияның бариатриалық хирургиясында KARL STORZ Rubina 4K ICG бейне түсірілімі бар инфрақызыл түсті спектрде перфузиялық диагностика технологиясы қолданылған алғашқы отаны Түркістан қалалық орталық ауруханасының базасында Қазақстандық бариатриялық және метаболизмдік хирургтар қоғамы республикалық бірлестігінің президенті Орал Оспанов жергілікті дәрігерлермен бірге жасады. 

– Біз іссапармен Қазақстан қалаларын көп аралаймыз. Дәрігерлерді оқытып үйретіп, тәжірибелерімізбен бөлісеміз. Түркістанға келуіміздің бір себебі мұнда да білікті хирургтар көп, аурухана ұжымы жақсы. Түркістан қалалық орталық ауруханасының базасында отаның жаңа түрын ендіріп, хирургиялық ем шара жүргізіп жатқанымызға екінші күн болды. Бүгін конференцияның ашылуына қатысып, азаннан бірнеше ауру белгілері бар Ақтау қаласынан келген пациентке ота жасауға кірісіп кеттік. Сонымен қатар, бүгін асқазанға ота жасауды жоспарлап отырмыз. Асқазанды кішірейту пациентімізді бірқатар ауруларынан арылтып, денсаулығын жақсартуына көмектеседі. Ота шамамаен 1,5-2 сағатқа созылады. Лапароскопиялық құрылғының көмегімен жасаймыз. Біз мұнда осы ауруханадағы микроскоппен ғана қарауға болатын ұсақты да үлкейтіп көрсету мүмкіндігі өте жоғары озық үлгідегі заманауи медициналық аппаратты қолданамыз. Бұл жаңа медициналық кешенге мамандар даярлау. Жаңа ауруханада хирургиялық ем шара жүргізуге бұдан да жоғары қолайлы жағдай жасалады, – дейді профессор Орал Оспанов. 

– Екі жыл бұрын Түркістан қаласында алғаш рет семіздік дертіне қарсы ота жасап, дамытып келеміз. Бірақ, ас қорыту жүйесінде қосымша аурулары пациенттерге симультантты оталар бүгін осы ғылыми тәжіріибелік конференцияның аясында Түркістанда бірінші рет жасалып жатыр. Семіздік, қант диабеті, метаболикалық синдром диагноздары қазіргі кезде жүрек ұстамасы, инсульт ауруларының барлығының бастамасы болып тұр. Көп аурулардың емделу жағдайларын күрделендіретін бұл факторларды ХХІ ғасырдың үлкен дерттері десек те болады. Біз жасап жатқан оталар – профилактикалық хирургия адамдарды көптеген асқынулардан аман алып қалады, – дейді алғашқы отаға қатысқан хирург, Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков.  

Бірінші операция 22 жастағы артық салмақпен ауыратын бойжеткенге істелді. Қазір жас қыз 70 келі, енді отадан кейін салмақ тастайды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер