Шымкентте медицина академиясы фармкластер жобаларына 2 гектар жер бөледі

Screenshot_17.jpg

Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында өткен Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластерінің кеңейтілген отырысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының проректоры Жанна Сейітжанова мәлімдеді.

Медицина академиясы – 2015 жылы құрылған Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластеріне кіретін ғылыми-білім беру ұйымдарының бірі.

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Өңірлерді дамыту дирекциясы басшысының орынбасары Жанна Байтемірова Қазақстандағы кластерлер қандай қолдауға ие болатынын айтып берді.

«Елімізде жеке және заңды тұлғаларға бағдарланған қолдау құралдары бар. Бірақ  бізде кәсіпорындар тобына мемлекеттік қолдау жоқ. Біз мұны ескеріп, кластерлерге қатысушылармен бірлесіп, аумақтық кластерлерге мемлекеттік қолдау құралдары және кәсіпорындар тобына қолдау көрсету механизмдерді бойынша материалдар дайындадық», – деп атап өтті спикер.

Жанна Байтемірова кездесу қонақтарына фармацевтикалық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау құралдарын таныстыра отырып, осы мәселедегі қатынас: қолдаудың 70 пайызы мемлекет, 30 пайызы – кластер мүшелері тарапынан болатынын айтты.

Келесі жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан фармацевикалық кластері  зерттеу және әзірлеу орталығы және оқу-өндірістік дәріхананы құру бойынша екі жобаны жүзеге асыруды бастайды.

Фармацевтикалық кластердің вице-президенті Максим Тимошенко жобалардың әрқайсысы бойынша іске асыру үшін қажетті сомалар, құрылыстың алдын ала мерзімдері, өтелу мерзімдері, негізгі экономикалық көрсеткіштер, шығарылатын өнімнің түрлері мен көлемдерін атап өтті. Бұл жобалар Шымкент қаласында Медицина академиясы ұсынған жер телімдерінде жүзеге асырылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер