Тіркелмеген қаруды қолдану - заң бұзушылық

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысы полицейлер тіркелмеген қару анықтады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы аумағында тәртіп сақшылары заңсыз аңшылықты анықтау, болдырмау мақсатында үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде Бәйдібек АПБ-ның табиғатты қорғау жөніндегі инспекторы полиция капитаны Алмасбек Серіков пен полиция старшинасы Жауғаш Асылханов аңшы мылтығымен аң аулап жүрген бірнеше тұрғынды анықтайды. Олардың аң аулауға рұқсаты бар-жоғы мен қаруларын тексеру кезінде, 1 тұрғынның ҚР ІІО-да тіркелмеген аңшы мылтығын ұстап жүргені анықталды. Яғни Бәйдібек ауданы Боралдай өзені бойына аңшылыққа шыққан жергілікті тұрғыннан 16-калибрлі тегіс ұңғылы аңшы қаруы айғақты зат ретінде тәркіленіп, алынды.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» және 382-баптың 1-бөлігі "Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу" бойынша тіркеуге алынып, әкімшілік шара көрілді.

Түркістан облысының полицейлері ерікті түрде тіркелмеген қаруды ішкі істер органдарына тапсыруға кеңес береді. Егер сізде қаруды заңсыз сақтау мен сату жайттары туралы ақпарат болса, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер