Түлкібастық бағбандар 25 мыңтоннадан астам күздік алма жинаған

Түлкібас ауданы алма бау өсіруге өте ыңғайлы аудан. Аудан аумағында қазіргі таңда 76 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші агроқұрылымдар алма бауын өсірумен айналысады.

image.png

Жоғарыда айтылған шаруа қожалықтардың басым бөлігі халық арасында көп сұранысқа ие Гала, Фуджи, Голден делишес, Стар Кримсон, Легалина, Айдарет сынды алма сұрттарын өсіреді.

Өткен жылы аудан аумағындағы алма өсірумен айналысатын шаруалар рекорттық 33 мың тоннадан астам алма жинаса, биыл 25 мың 600 тонна алма жинап отыр.

Бүгінгі күнде Түлкібас ауданныңда 3077 га алма бау алқабы болса. Оның ішінде 2218 га 2007 жылдан бері отырғызылып келе жатқан жас баулар. Сонымен қатар, ауданда аз жерден мол  өнімді алуға  (1 га жерде 2000 дана көшеттен аса будандастырылған алма ағаштары) мақсатталған қарқынды бау шаруашылықтары дамуда. Қазіргі таңда аудан аумағында қарқынды алма бау көлемі 300 гектардан асып жығылады.

Айта кетерлік, аудан аумағында қыс мезгілінде алманы сақтайтын  сиымдылығы 12500 тоннаны құрайтың 7 жеміс-жидек сақтайтың қоймалар жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз ауданымыздың бренді саналатын алма өнімін ұзақ уақыт сақтап, қыс, көктем мезгілдерінде осы өнімге деген сұранысты азайтады.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер