Шымкентте «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтеді

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтеді. Бұл 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығын қамтиды. Жоспар бойынша әр  күнге өзіндік атаулар беріліп, атауларға сәйкес мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

image.png

Жоспар негізгі 6 бағытқа бөлінді. Олар:

«Ұлттық құндылықтарды дамыту бағыты» - 15 іс-шара;

«Білімді жастарды қолдау бағыты» - 13; 

«Мәдениет саласын дамыту» - 22;

«Кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру бағыты» - 8;

«Азаматтарды әлеуметтік қолдау бағыты» - 7;

«Мерекеге орай ашылатын нысандар» - 31.

Сонымен қатар, әр күннің өзіндік атауларын Тәуелсіздік жылдарымен байланыстыра отырып, республикалық және жергілікті БАҚ-та кеңінен насихаттау жүргізіледі. 

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан айтты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер