Келелі кеңес өтті

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша кешенді жоспардың аясында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ тарапынан жыл соңына дейін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша діни бірлестіктермен  және түрлі этностар өкілдерімен бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде кесте жасалған.

image.png

Осы кестеге сәйкес, 2021 жылғы 16 қараша күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түрлі этностар өкілдерімен бірлескен кездесу өтті.

Шымкент қалалық корей, грек, өзбек этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысқан кездесуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Альжанова жүргізді.

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне зиян тигізетін ең қауіпті  факторлардың бірі сыбайлас жемқорлық бойынша сөз еткен Ж.Альжанова:

- Жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Алдымен пара берудің себептерін, параға деген ықыластың түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Пара алу мен пара берудің де пайдасыз, ел ертеңі үшін орасан зияндылығын ел тұрғындарына жан-жақты ұғындырып,  сыбайластықтың кез келген көріністеріне қарсы тұратын қоғамдық сана қалыптастыруымыз қажет – деді. 

Сонымен қатар, кездесу барысында  көптеген келелі мәселелер қозғалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізуді этнос өкілдері осы бағыттағы жұмыстардың әрі қарай жалғасатындығына сенім білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер