Шымкентте арзандатылған азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионында жәрмеңке өтті.

image.png

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу болып табылады.

Жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және 50-ден астам Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына сапалы және нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада азық-түлік өнімдері сатылды.

Сонымен қатар, Түркістан облысынына қарасты Түлкібас, Төлеби, Отырар, Қазығұрт, Сарыағаш, Ордабасы, Бәйдібек және Шардара аудандарының жеке кәсіпкерлері  қала тұрғындарына  6 тонна ет, 3 тонна сүт өнімдері, 15 тонна картоп, 7 тонна жеміс-жидек, 4 тонна қызанақ, 2 тонна қияр мен жеміс шырындарын ұсынды.

Айта кетейік, жәрмеңке барысында карантин талаптары қатаң сақталып, дезинфекциялық өткелдер орналастырылып, төтенше жағдай, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер