Қамар сұлу операсы сахналанды

Кеше Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсының премьерасы көрермен назарына ұсынылды. 

image.png

Бұл опера премьерасы алғаш рет 2013 жылы қойылып, қоюшы режиссерлері ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафиз Есімов пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Махинұр Рахманова болды. Бұл жолғы премьераны Ресей режиссеры Михаил Панджавидзе өзінің ерекше стильді идеясымен Еркеғали Рахмадиевтың 90 жылдығына орай өнер сүйер көпшілікке паш етті.

Байшыкеш Нұрым бойжеткеннің қарсылығына қарамастан қос ғашықты ажыратып, Қамарды әйелдікке алуға ұмтылады. Бай шонжардың сойылын соққандар сұлуды Нұрымның босағасына байлап беруге тырысады. Бұған қамардың ағасы Оспан да құмбыл.  Қойылымның екінші бөлімінде Қамарды Нұрым бай алып тынады. Бірақ қайғыдан құр сүлдері қалған сұлуды әкесі Омар мен ғашығы Ахмет құтқарып қалады.

Сахнада өнер көрсеткен - Шымкент қалалық опера және балет театрының солистері, хор труппасы, балет және симфониялық оркестрі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер