«Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті

Шымкенттің  бас дәрігері, халық қалаулысы Мәдина Ермаханбетова тұл жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді. Медицина қызметкері жеткіншектерге мерекелік дастархан жайып, ата-аналарына азық-түлік таратты. Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілді. 

image.png

Мадина Сейфуллақызы жайған мерекелік дастарханға  үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналары да шақырылды.  Жалпы қайырымдылық шарасына 100-ге жуық бала қатысты. Оларға түрлі сыйлықтар тарту етілді. Кеш барысында балғындар театрландырған көрініс тамашалап, ән айтып, би биледі. 

- Балаларға қамқорлық көрсетуді мақсат еткен акция аясында олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді  кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қоссақ деген ой болды, - дейді Мадина Ермағанбетова.

Айта кетейік, қалалық гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетованың бастамасымен «Жүректен-жүрекке»  қайырымдылық акциясы жыл сайын ұйымдастыралады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер