Қант диабетін алдын алуға мән беріңіз

Screenshot_2.jpg

Әлемде таралу қарқыны өсіп келе жатқан дерттердің бірі - қант диабеті. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растап отыр. Қант диабеті жыл сайын көптеген адамдардың өмірін қиятын инфекциялық емес аурулардың төрттігіне кіреді. 2017 жылы бүкіл әлем бойынша 422 миллион адам немесе 18 жастан асқан бүкіл әлемдегі ересек тұрғындардың 8,5% - ы 1 типті қант диабеті диагнозымен өмір сүрді. Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша әлемде ересек халықтың 425 млн. (8,8%) 2-типті ҚД зардап шегеді.

Дүниежүзілік банк сарапшылары 1990 жылдан бастап 2017 жылға дейін қант диабеті ауыртпалығының біртіндеп артқанын атап өтті және 2025 жылға дейін аурушаңдылық, аурудың таралуы мен өлім-жітім көрсеткіштері де өседі деген болжам жасады. ДСҰ мәліметтері бойынша, соңғы 40 жылда қант диабетін анықтаған адамдардың саны төрт есе өсті. Бұл жалғыз ауыр жұқпалы емес ауру, онда мерзімінен бұрын өлім қаупі артып, төмендемейді. Covid-19 ауруханасында ауыр халде жүрген адамдардың көпшілігі қант диабетімен ауырады.

Қазақстандағы жағдай да қант диабеті диагнозы қойылған 380 мыңнан астам науқас бар. Оның ішінде Түркістан облысында 29 мыңға жуық науқас тіркеуге алынған. 2030 жылға қарай Қазақстанда ғана науқастардың саны бір миллионға дейін артады деген болжам бар.

Бүгінгі таңда қант диабетін емдеудегі басты проблемалардың бірі - адамдардың өз аурулары туралы білмеуі. Әдетте, бұл салмағы жоғары 40 жастан асқан адамдар, олар екінші типті қант диабеті бар деп күдіктенбейді, көбінесе артериялық гипертензия және атеросклероз бар, олар аурудың бар-жоғын білмей өмір сүреді.

Қант диабетінің екі түріне де тән белгілер кешені бар. Белгілердің айқындылығы инсулин секрециясының төмендеу дәрежесіне, аурудың ұзақтығына және науқастың жеке ерекшеліктеріне байланысты: ағзаның сусыздануына әкелетін жиі зәр шығару және шөлдеу сезімі; үнемі қарынның ашуын сезінуге қарамастан, тез салмақ жоғалту; әлсіздік немесе шаршау сезімі; анық көрмеу (көз алдында "ақ жабын"); жыныстық белсенділіктің төмендеуі; аяқ-қолдың ұюы мен шаншуы; аяқтардағы ауырлық сезімі; бас айналу; жұқпалы аурулардың ұзақ ағымы; жаралардың баяу жазылуы; дене температурасының орташа деңгейден төмендеуі; шаршау; балтыр бұлшықеттерінің құрысуы; терінің қышуы және бұт арасының қышуы; фурункулез; жүрек аймағының ауырсынуы. Осы белгілер байқалған жағдайда шұғыл түрде дәрігердің көмегіне жүгініп, тексеруден өткеніңіз абзал.

Бүгінгі күннің және бір ерекшелігі - короновирустық инфекцияның болуы. Әлемдік және отандық деректер COVID-19 салдарынан қант диабетімен ауыратын пациенттердің өлім-жітімінің анағұрлым жоғары екендігін айғақтайды.

Сол себепті де, қант диабетіне әкеп соқтыратын факторлардан мейлінше сақтанған жөн. Ең негізгі қағидаттардың бірі – дұрыс тамақтану. Салауатты өмір салты үшін, әсіресе қант диабетімен ауыратын науқастар үшін жеткілікті физикалық белсенділік қажет: олар инсулинге сезімталдықты едәуір жақсартады. Дене белсенділігі артық салмағы бар адамдар үшін де маңызды.

Сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау маңызды. Жалпы алғанда, күніне 1,5 литр ішу ұсынылады: су, кофе, шай, көкөніс сорпасы және т. б. бұл сусындар қандағы глюкозаға әсер етпейді және калориялары жоқ (қоспасыз).

Дәнді дақылдар мен картоптан жасалған өнімдер - аталған азық-түлік тобында крахмал түрінде көмірсулардың көп мөлшері бар, тағам тобы жасұныққа, суда еритін дәрумендерге (әсіресе В1 дәрумені сияқты) және минералдарға (калий, темір және т.б.) бай. Тұтас дәнді тағамдарды жеген жөн. Мұндай өнімдердегі май мөлшері аз. Бұл тағам көзі - өте бай, сондықтан біздің диетада мұндай өнімдер көп болуы керек.

Көкөністерде көмірсулар мен майлар аз. Бірақ көкөністер басқа маңызды элементтерге бай: дәрумендер (әсіресе В және С), минералдар мен талшықтар, бұл біздің ағзамыз үшін өте маңызды. Гүлді қырыққабат С дәруменіне бай, бірақ оның құрамында темір аз, шпинатта, керісінше, темір көп, Бірақ С дәрумені аз. Жемістерде көмірсулардың мөлшері көп (әсіресе фруктоза), олар сонымен қатар жасұныққа, дәрумендер мен минералдарға бай. Көмірсулардың құрамын ескере отырып, күніне 2-ден 3-ке дейін жеміс тұтыну ұсынылады.

Ғалия Батырханова,

Түркістан облысының штаттан тыс бас эндокринологы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер