Шымкентте жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Шымкентте қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, қалалық “Жастар ресурстық орталығымен” бірлесе жұмыссыздарға арналған көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

image.png

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  орай қала әкімі М.Әйтеновтің бекіткен                     

«30 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде  тұрғындарға қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындары тарапынан 700-ге жуық   техникалық, педагогикалық және т.б.мамандықтары бойынша тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды. 

«Шаңырақ» орталығында өткен жәрмеңкеде жұмыспен қамту орталығының мамандары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі мен жұмыспен қамту шараларына қатысу мүмкіндіктерін түсіндіріп, ақпараттандырды.

- Бүгінгі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде  жұмыс орындарын ұсынып қана қоймай, нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, жұмыс беруші мекемелердің сұранысына сай қажетті маман таңдауларына мүмкіндік беріледі. Жалпы, қазіргі таңда қала аумағындағы «Алем БТ», «Azala Textile», «Гаухар тігін фабрикасы», "Alliance" ЖШС, «PetroKazakhstan» сынды ірі кәсіпорындарда техникалық мамандықтар сұранысқа ие болса, жәрмеңке барысында аталған кәсіпорындарға инженер, диспечтер,тігіншілер,механик, дәнекерлеуші және т.б. мамандықтар қатары қажет,-деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова.

Айта кетсек, жыл басынан бері  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 28 286 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінгі таңға дейін 26 013  адам қаладағы түрлі кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа жолданып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер