50 жаңа автобус желіге шығарылды

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Шымкентте 50 жаңа автобус желіге шығарылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып автобустарды көріп, дайындығын тексерді.

image.png

- Қалаға алынған 590 жаңа автобустың 300  бағыттарға қосылған болатын. Бүгін, өздеріңіз көргендей  50 автобус желіге шығарылуда. Қалған 240 жаңа көлікті Тәуелсіздік күні қарсаңында тұрғындар игілігіне беру жоспарлануда. Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңартылды. Жыл соңында бұл көрсеткіш 90 пайызға жетеді. Нәтижесінде автобустарды жаңарту бойынша Шымкент республикамызда алғашқы үштікке енбек. Енді, қоғамдық көліктердің қызмет сапасы мен мәдениетін көтеру  бағытында жұмыс жасауымыз керек. Бұл қызмет көрсетуші мекеменің тікелей жауапкершілігінде. Осыған аса мән беріңіздер, - деді шаһар басшысы.

Бүгінгі елу автобус №104, №60 автобус  бағытында және №6, №51, №67 жаңа бағыттарда қызмет көрсететін болады.

1) № 104 автобус бағыты — Қайтпас ш/а — Оңтүстік ш/а;

2) № 60 автобус бағыты — Қазығұрт ш/а — ТЖВ;

3) № 6 автобус бағыты — Тұрлан ш/а — Төле би к-сі;

4) № 51 автобус бағыты — Самал ш/а — Түркістан к-сі;

5) № 67 автобус бағыты — Нұрсат ш/а — Қорғасын аялдамасы.

Барлық автобустар газбен жүретіндіктен екі арнайы газ құю бекеті салынды.  Жақын арада үшінші газ құю бекеті де іске қосылады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер