Шымкентте тағы бір компьютерлік томография кабинеті ашылды

Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханасы жаңа құрылғымен жабдықталып, емдеу мекемесінде компьютерлік томография кабинеті ашылды.

image.png

Томография кабинетін аралап көрген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов инсульттан болатын өлім-жітім санын азайту үшін диагностикалауда құрылғының маңыздылығы орасан екенін алға тартты. 

Компьютерлік томография қаладағы 22 медициналық мекемеде бар. Бүгінде дәрігерлер мұндай құрылғы арқылы жүрек-қан тамырлардағы ауруды дер кезінде анықтап, инсультті емдеудің тиімді әдістерін қолдануда. 

image.png

Заманауи үлгідегі аппарат АҚШ-тан әкелінген. Бұл  тек жүрек қан тамырларының ауруын ғана емес, сонымен қатар ми, өкпеге қатысты ауруларды анықтап, оның алдын алады.

Құрылғыда қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүрек қан тамырларының зақымдану деңгейін байқауға, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға жағдай жасайды.

Айта кетсек, қаладағы №1 клиникалық аурухана тәулік бойы науқастарды қабылдайтын көп салалы емдеу мекемесі. Мұнда күніне 200-ден аса азамат медициналық көмекке жүгінеді.

image.png

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер