Шымкент: Оқушылармен шығармашылық кездесу өтті

Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Жорабеков Серікбай Құлышұлымен шығармашылық кездесу өтті.

image.png

Шығармашылық кездесудің мақсаты -  жас буынның өз бойларындағы жасырынып жатқан шығармашылық қабілеттерін ашу және шыңдау.

Суретші Серікбай Құлышұлы оқушыларға өзінің сурет салу әдістерімен бөлісіп, суретшіге тән қасиеттерді, қарапайым қарындашты ұстаудың өзіндік әдісін және де су бояудың өзінен мағыналы сурет шығарудың қыр-сырын түсіндірді.

Сонымен қатар, өзінің басынан өткен қызықты хикаяларымен бөлісіп, жастарға мотивациялық күш болар ақыл-кеңестерін жеткізді.

Оқушылар суретшінің өзімен бірге алып келген өнер туындыларын тамашалап, өз әсерлерімен бөлісті.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер