Ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі іске қосылды

Шымкент қаласындағы №2 ауруханада ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі іске қосылды. Тың әдіс инсульт ауруын 10 минутта анықтауға мүмкіндік береді. 

image.png

Қалалық №2 аурухана базасында «CEREBRA» жобасының таныстырылым рәсімі өтті. Іс-шара барасында жаңа жүйемен жұмыс істеу әдісі мен ауруды ерте сатысында анықтаудың маңыздылығы толығымен түсіндірілді. Жаңа жоба арқылы медицина мамандары инсультты ерте деңгейде анықтап, бірден ишемияға ұшыраған аймақты білуге, уақытында емдеуді бастауға, ота жасауға қарсы көрсетілімнің бар-жоғын анықтау мен емдеу шараларын дер кезінде  атқара алады.

Медицина мамандарының айтуынша, инсульттың дер кезінде анықталмауына адами фактор көп әсер етіп жатады. Ал «CEREBRA» жобасы инсультты 10 минут ішінде тануға және инсульт ядросындағы тіндердің тығыздығының өзгеруін есептеуге жәрдемдеседі.  

Бүгінде аталмыш жобаға 6 қала мен 8 инсульттық орталық қосылған. Алдағы уақытта жасанды интеллект неврологияда да қолданылатын болады. 

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульттен зардап шегеді. Жыл өткен сайын аурудың түрі жасарып келеді. Мамандар елімізде инсульт дертінің алдын алу үшін ерте диагноз қойып, науқастардың емделуге қолжетімділігін арттыру бағытындағы шараларды арттыра түскен абзал екендігін айтады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер