Қандастар 12 түрлі мамандық бойынша тегін оқу курстарынан өте алады

Биылғы жылдың қараша айындағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында 1 147 отбасыға, яғни 1674 адамға қандас мәртебесі берілсе, 210 отбасындағы 239 адам бұл мәртебені ұзартқан.

image.png

ТМД пен шет елдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі көршілес Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған. Нақты айтқанда Өзбекстаннан – 1 650 адам, Ауғанстаннан – 11 адам,  Қытайдан – 5, Ресейден – 3, Тәжікстаннан – 2 адам, Түркіменстаннан – 1 адам, Түркиядан – 1 адам, Қырғызстаннан – 1 адам елге оралған.

«Halyk» қайырымдылық қоры қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығында тіркелген қандастарымызға азық-түлік себеттерін таратты.

2008 жылы ашылған Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының мамандары туған елге оралған қандастарды қолдау мақсатында, 6 айлық бейімделу кезеңінде мемлекеттік тілді үйрету, ортаға бейімделу, жұмыспен қамту, баспана мәселесі сынды әлеуметтік  қызмет түрлерін көрсетеді.

Қазір орталықта 13 отбасынан 35 адам қызмет алуда. Жұмыспен қамтылу мәселесін шешу мақсатында қандастарымыз  тігінші, кондитер, есепші, компьютер графикасы, шаштараз және т.б. сияқты 12 түрлі мамандық бойынша 2 айлық тегін курстан өтеді. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер