Шымкентте азық-түлік тапшылығы жоқ

Шымкентте қала әкімінің тапсырмасы бойынша Үкімет Қаулысымен бекітілген 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг тұрақты түрде жүргізілуде. Шымкент - өңірлер арасында баға өсімі бойынша 6–8 орын аралығында. Жалпы қалада азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ.

image.png

Бүгінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өндірушінің өзіндік құнының артуымен және өндірісте пайдаланатын шикізат бағасының өсуіне байланысты қымбаттаған болатын.  Мәселен қырыққабат –2 тг/кг (116-тен 118 тг/кг дейін), рожки –3 тг/кг (190-нан 193 тг/кг дейін), құмшекер –2 тг/кг (297-ден 299 тг/кг дейін), бірінші сұрыпты ұн –1 тг/кг (168-ден 169 тг/кг дейін) өсті. 

Өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет есебінен жалпы 5,7 млрд.теңге бөлініп, ірі сауда желілеріне, жергілікті тауар өндірушілеріне және бизнес субъектілерге 5,4 млрд. теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісімшарттар түзілді. Ірі сауда желілерінің қатарында «Грамад», «Фиркан», «Magnum Cash&Carry» желілері бар. 

Кәсіпкерлік субъектілерімен түзілген келісімшарттар негізінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылып, қала тұрғындары бірінші қажетті азық-түлік тауарларын қала аумағында орналасқан сауда нысандарынан нарық бағасынан төмен бағада тұтынуда.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында:

- 3 жерден жылжымалы әлеуметтік нүктелері;

- апта сайын азық-түлік жәрмеңкелері;

-  әлеуметтік дүкен;

- ірі сауда желілері, азық-түлік базарлары және жергілікті тауар өндірушілерімен азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде екі жақты ортақ 14 меморандумға қол қойылды;

- делдалдық схемаларды қарау жөнінде арнайы комиссия құрылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер