276 орам тұрғындары ауыз сумен қамтылды

Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мақсатында  Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар  атқарылып отыр.

image.png

Атап айтқанда биыл қаладағы елді мекендерге ауыз су тарту үшін 14 нысанның құрылысы жүргізілді. Бүгінде бірқатар елдімекенде жұмыс аяқталып, тұрғындар тіршілік нәріне қол жеткізді. 

Сондай елдімекендердің бірі - Сауле шағынауданының жаңақұрылыс аумағында орналасқан 276 орам. 

Бүгінге дейін  суды кестемен пайдаланып келген тұрғындардың мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Ондағы 1 228 абонент үздіксіз мемлекеттік жүйедегі суды тұтынатын болды. 

Мердігер мекеме «АГАТ» тарапынан құрылыс 2021 жылдың маусым айында басталған болатын. Қазіргі таңда  54,9 шақырым су құбыры тартылды.

Жуырда Асар-2, Ақтас, Жаңаталап, Ынтымақ-2 және Тұран шағынаудандарында да ауыз су мәселесі шешімін тапты. 

Жыл соңына дейін қала тұрғындарын сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға жетпек. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер