Отандық өнім: Шымкентте экологиялық таза кептірілген жемістер дайындау технологиясы енгізілуде

Еліміздің үшінші мегаполисінің өндіріс саласында кишмиш, өрік, алма, алмұрт жемістерін экологиялық таза әдіспен кептіру технологиясын енгізу және тарату инновациялық жобасы жүзеге асырылуда. 

image.png

Инновациялық жобаның басты мақсаты –  халықты химиялық консерванттар мен реагенттер қоспай дайындалған, адам ағзасына пайдалы жеміс-жидектермен қамтамасыз ету. 

Кептірілген жемістердің кең ассортиментін дайындау мақсатында жергілікті кооперативтер мен жеке шаруашылықтарға инновациялық технологияны енгізу мен тарату жоспарланған.  Өзара бәсекелестік ортада өндірілген өнімнің сапасы жоғары болады. Осылайша  «Made in Kazakhstan»  маркасы бар, экологиялық таза, сапалы,  брендтік өнімдерді экспорттау өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыратындығы сөзсіз. 

Сондай-ақ ауқымды жоба халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге де ықпал ететін болады.

Айта кету керек, Қазақстанда  кишмиш, өрік, алма, алмұрт жемістерін кептіру арқылы дайындау технологиясы болмаған. Дайын өнімдер  Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінен жеткізілетін.  

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер