Абай ауданында ревакцинация басталды

Шымкент қалалық №13 емханасында коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация іс-шарасы басталды. Америкалық Pfizer вакцинасының ІІ компоненті мен QazVak екпесінің ІІІ компоненті салынды. Алғашқы екпе осыдан 9 ай бұрын басталған. Осы жолы азаматтар ІІІ компонентін салдыруға келді.

image.png

Карима Райымқұлова емізулі жас ана. 21 күн бұрын Pfizer вакцинасын алған. Енді екінші бөлігін салдыру үшін емханаға келіп отыр. Вакцина алуға ешкім қарсы болмапты. Жолдасы полиция қызметкері. Ол да вакцина қабылдаған. Сондықтан жас  отбасы денсаулығы үшін осындай шешімге келген.

Терапевт дәрігер Аяжан Өскенбек екпе салатын азаматтың қан қысымы, дене қызуы, сатурациясы өлшеніп, тамағы тексерілетінін айтты. Сосын екпе алып болған соң арнайы бөлмеде жарты сағат денсаулығы бақылауға алынады. Дәрігер вакцина алған азаматтар 3 күн шомылмайды, спирттік және газдалған сусындар ішпеу керек, денсаулығына қарап, көп сұйықтық ішкен жөн деген кеңес берді.

Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Абай ауданы бойынша басшысы Клара Адырбаеваның мәліметінше 205 адам вакцинаның ІІІ компонентін алған. Жоспар бойынша Абай ауданынан 12-17 жастағы жастар, екіқабат және емізулі әйелдерді қосқанда  жалпы саны 33 мың адам Pfizer вакцинасын алу керек. Бүгінгі таңда 2 мыңға жуық азамат америкалық  вакцинаның І компонентін салдырып үлгерді. 

Pfizer вакцинасы қоймада -90 градуста, ал емханада - 25 градуста, салдырудан 2 бұрын - 2.8 градуста сақталады. Және флакон 6 сағатқа ғана жарайды. Ал отандық QazVak екпесі жуырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы  сертификациясынан өтті.

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер