Арли Чонтей әлем чемпионы атанды

Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Кеше жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.

image.png

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа және серпе көтеруде барлық мүмкіндікті сәтті пайдаланды. 

Отандасымыз жұлқа көтеруде 118 келі, серпе көтеруде 142 келі, қоссайыс қорытындысы бойынша 260 келіні көтеріп, барлық қарсыласын басып озды.  Күміс медальді Таиланд, қола жүлдені Болгария спортшысы еншіледі. 

Шымкент қаласының спортшысы Арли Чонтей 2018 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді. Биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында да жеңімпаз атанды. 

Айта кетелік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 17 желтоқсанға дейін жалғасады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер